Батыс Қазақстан облысы жағдайында күздік бидай сорттарын бағалау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім №1

Abstract

Бидай дүние жүзінде ең көп өсірілетін дақыл ретінде танымал. Аграрлық саласы негізгі экономикалық бағыт болып табылатын Қазақстан табиғи климат жағдайы бойынша бидай өсіру үшін қолайлы аймақ болып табылады. Негізінен бидайдың жаздық формалары өсірілетін Қазақстан Республикасының оңтүстік және батыс аймақтарында дақылдың күздік формалары да өсіріледі. Күздік бидайдың жаздық формаларға қарағанда өнімділігі жоғары болғанмен де шаруашылықта кеңінен таралуына кедергі болатын жағдай – оның дән сапасының жаздық бидайға қарағанда төмен болуы. Батыс Қазақстан облысы жағдайында күздік бидайдың Лютесценс 72, Созвездие, Джангаль, Левобережная 3, Карабалыкская 101, Безенчукская, Комсомольская, Калач, Саратовская 90 сорттары шаруашылықтық-биологиялық белгілері бойынша аудандастырылған Жемчужина Поволжья сортымен салыстырмалы бағалау жүргізілді. Зерттеу ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарына қойылатын міндеттердің барлық тараптарын қамтыды. Мақалада аталған сорттарды салыстыра зерттеудің 2017-2019 жылдардың нәтижелері келтірілген. Тәжірибеде сыналған сорттар жоғары нәтиже көрсетті.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By