Машина-трактор агрегаттарын моделдеу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Қолданыста белгілі технологиялық операцияларды атқаруда, сонымен қатар машинатрактор агрегаттарын есептеу кезінде атқарылатын жҧмыстың сапасына, максималдық ӛнімділікке және минималдық отын шығынына қол жете бермейді. Сондықтан есептеу барысында машина-трактор агрегаттарының негізгі қҧраушылары – энергетикалық қҧрал мен машиналарды (машиналар кешенін) дҧрыс таңдауды жетілдіру ғылыми тҧрғыда актуалды болып саналады. Бҧл мақалада энергия ҥнемділігін қамтамасыз ете алатын машина-трактор агрегатын есептеу арқылы таңдап алу жолдары қарастырылған. Технологиялық процестердің рационалды тҧрғыда орындалуын, машина-трактор агрегатының ӛнімділігін және отын шығынын мейлінше ҥнемдеуді қамтамасыз ете отырып, аңызды (стерня) ауыр дискілі тырмалармен New Holland тракторымен агрегатталатын МТА-ын қҧрау арқылы дискілі тырмамен 0,06 – 0,08 м тереңдікте тырмалау тиімді саналатыны дәлелденген қорытындыға келуге болады. Жҥргізілген эксперименталдық зерттеулер мен есептеу негізінде трактор ілмегіндегі тарту қабілетінің пайдалы әсер коэффициенті (ηТ) технологиялық операциялары машинатрактор агрегатымен орындалатын дала жҧмыстарында ықтималды максималдық пайдалы әсер коэффициентіне (ηТmax) мейлінше жақындайды. Трактордың тарту қабілетінің қуатын пайдалану коэффициенті ηИМ, сол секілді трактордың номиналдық тарту кҥшін пайдалану коэффициенті ηИС мәндері сәйкесінше энергияның ҥнемделу қағидаттарына сай келіп қанағаттандырады. Сол себептен New Holland Т-7030 тракторымен агрегатталатын БДМ-6х4ПК дискілі тырмасымен топырақты тырмалауға арналған агрегат дақылдар орылған аңызда 10,08 км/сағ. шамасындағы жылдамдықпен қозғала отырып, топырақты тырмалау технологиялық операциясының жҧмыс жағдайында энергия ҥнемдеу талаптарын қамтамасыз етеді. Тракторлардың тарту кҥшін сипаттайтын потенциалдық сипаттамаларының графиктерін есептеп шығару ҥшін МТА-ның қозғалу жылдамдықтары диапазонында жылдамдықтардың мәндері аралық шамада анықталады. Біріктірілген агрегаттардың меншікті тарту кедергілері ӛз алдына жеке-дара есептелетін әр машинаның жҧмыс органдарының тартуға кедергі болатын меншікті шамаларының қосыдындысынан шығатынын ескеріп, агрегаттардың тарту кедергілері анықталды.

Description

Ғылым және білім: Ғылым, зерттеулер, білім: даму тенденциялары: акад. Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдар жинағы (12 сәуір 2024 ж.) = Наука и образование: Наука, исследования, образование: тенденции развития: сб. мат. междунар. науч.-практ. конф. посвящ. 125-летию акад. К. И. Сатпаева (12 апреля 2024 г.) = Science and education: Science, research, education: development trends: unternational scientific and practical conf. dedicated to the 125th anniversary of acad. K. I. Satpayev (12 april 2024). - Орал: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ. - 2024. - № 2 (75) : қосымша № 1. - Б. 339-353

Citation

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By