Санта-гертруда тұқымының малдарын шаруашылыққа пайдалы негізгі белгілері бойынша зоотехникалық бағалау
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №1
Abstract
Ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен негізінен тамақ өнімдерін және өңдеу өнеркәсібіне шикізат алу үшін айналысады. Малдар өзінің жоғары өнімділігімен ерекшеленіп және төменгі шығынмен жоғары сапалы өнім беруі үшін, олардың өнімділігі мен өнім сапасына әсер ететін факторларды білуі қажет, сондай-ақ, өнімділік есебін дұрыс ұйымдастыра білу және малдарға шынайы бағалау жүргізу керек. Шаруашылық пайдалы белгілер, соның ішінде мал өнімділігінің табиғаты күрделі; олар әр түрлі себептердің әсерінен елеулі өзгерістер ұшырайды. Мал өнімділігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы малдардың генетикалық ерекшеліктеріне, жынысына, жасына, организмнің физиологиялық жай-күйіне, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайына тәуелді.
