Целиноград ауданындағы (Ақмола облысы) күйісті ауылшаруашылық малдары мен иттер арасындағы саркоцистоздың таралуы [Текст]
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №3
Abstract
Жануарлар саркоцистозы созылмалы инвазиялық аурулар қатарына жатады. Целиноград ауданында ауыл шаруашылық күйіс малдары мен иттер арасындағы аурудың эпидемиялық рөлі анықталды. Осы мақсатта ірі қара мен ұсақ малдың 314 ұшаларынан алынған 1164 сынамалары микроскопиялық әдіс пен 45 иттің нәжістері флотациялау арқылы зерттелінді. Алты айдан асқан жануарлардың инвазия экстенсивтігі ірі қара малда 4,1% және ұсақ малда 11,3% құрады. Саркоцистозбен залалдану көрсеткіші орташа жылдық деңгейден жоғары күзде және қыста (қараша-қаңтар), ал көктемде және жазда төмен (наурыз-тамыз) болады. Ұсақ малдың барлық саркоцисталарымен зақымданған ұшаларының жыл мезгілдеріндерде ең көп саны қыста (17,8%) және күзде (10,7%), ал ең азы - көктемде (6,0%) және жазда (1,0%) тіркелді. Ірі қара мал мен қой ұшаларының әр түрлі мүшелерінен саркоцистозға залалдануы орташа инвазия экстенсивтігі 7,4% құрады. Паразитпен залалдану көрсеткіштерінің ең жоғары деңгейі өңеш бұлшық етінде байқалды Целиноград ауданында саркоспоридиялармен (ооцисталар) залалданған иттердің орта саны 4,4% болды. Жалпы алғанда, аймақтағы күйіс малдары мен иттердің саркоспоридияларды жұқтыру көрсеткіші төмен деңгейді құрайтыны анықталды.
