БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПАСТЕРЕЛЛЕЗДІҢ МАУСЫМДЫҚ БАЙҚАЛУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Үй жануарлары, әсіресе жайылымдық жерлерге жайылғанда табиғи ошақтарға тап болып, әртүрлі жұқпалы ауруларды қабылдап алады. Бұл байланыстар (жалпы кеміргіштер, қан соратын жәндіктер, жабайы аңдар мен құстармен байланыс және т.б.) жиі таралған. Жабайы жануарлар мен құстар санының ауытқуы және олардың қоныс аударуы табиғи ошақтағы эпизоотологиялық процестің қарқындылығының өзгеруіне ықпалын тигізеді. Олар жабайы ғана емес, үй жануарларындағы ауруға шалдыққыштықтың маусымдық және мезгілдік ауытқуларын қамтамасыз етеді.
Ежелгі уақытта да жануарлар үшін ең қауіпті жұқпалы ауру пастереллез болды. Бұл індет- тек ақбөкендерге ғана емес, адамдарға, басқа сүтқоректілер мен құстарға да тән жұқпалы ауру. Бұл салада алынған жаңа нәтижелер жануарлардың пастереллезден жаппай қырылуының алдын алу шараларын әзірлеуде қолданыс тауып, тек үй жануарларын ғана емес, адамдарды да зооантропоноз індетінен қорғауға көмектесетіні сөзсіз.
Пастереллезбен күресу проблемасы әлі де болса толық шешімін тапқан жоқ, бұл патогенді пастереллалар ұзақ уақыт бойы сау және ауырып жазылған жануарлардың денесінде ғана емес, сонымен бірге синантропты жануарлардың ағзасында да тұрақты эпизоотиялық ошақтың түзуімен түсіндіріледі.
Мақалада авторлар Батыс Қазақстан облысы бойынша жануарлар пастереллезінің маусымдық байқалу динамикасына толық талдау жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша аталған індетпен тиімді күресу шараларын ұсынған.
Бұл зерттеу жоғарыда аталған мәселелерді шешуге ықпалын тигізіп, ветеринарлық маманға жануарлар пастереллезімен күресудің дұрыс әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.
Description
Таубаев, У. Б.
Батыс Қазақстан облысы бойынша пастереллездің маусымдық байқалу динамикасы және онымен күрес шаралары / У. Б. Таубаев, А. С. Ищанова, Б. О. Ертлеуова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 1-1 (74). Б. І. - Б. 60-67 (Орал).
