Студент жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым, зерттеулер, білім беру: даму үрдістері: ХХІІІ халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары=Science, research, education: development trends: The materials of the XXIII international scientific and practical conf. =Наука, исследования, образование: тенденции развития: мат. ХХІІІ междунар. науч.-практ. конф. (Уральск, 14 апреля 2023 г.) / ЗКАТУ им. Жангир хана // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 2 (71) : қосымша № 1
Abstract
Мақалада студент жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылған. Кіріспеде студенттердің спортқа деген қызығушылығы туралы жалпы түсінік береді. Әртүрлі әдебиеттерді талдау студенттердің оқу-тәрбие процесіне түрлі әдістерді, соның ішінде жастардың спортқа деген саналы қатынасына ықпал ететін мотивациялық - құндылық бағдарларды құру, теориялық сабақтарда қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып оқыту, өз бетінше спортпен айналысуына мүмкіндік беру, спорттың жаңа түрлерімен таныстыру және студенттерді дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралар мен жарыстарға қатысуға, ұйымдастыру мен өткізуге, жарыстарға төрелік етуге, нұсқаушы жұмысына тарту секілді шараларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу үшін соңғы ұсынылған іс-шара алынады. Зерттеу екі кезеңнен тұрады. Зерттеуге жарыстарға бару тәжірибесі бар 40 студент қатысты. Зерттеудің екі кезеңінің нәтижелері бойынша қорытындылар жасалады. Негізгі қорытынды: жарыстар оқу процесінде міндетті түрде қолданылуы тиіс, студент жастардың спортпен айналысуға деген қызығушылығын арттыратын маңызды мотивациялық фактор болып табылады. Жарыстар – бұл студенттерге тек оқу үрдісінің көмегімен қол жеткізе алмайтын мақсаттарға жету мүмкіндігі. Сонымен қатар, спорттық жарыстар студенттер үшін қызықты уақыт өткізу мүмкіндігі болып табылады.
