Ақбөкендердің жас төлдерінің табиғи ортада және қолда ұстап өсірудегі өсу қарқынын салыстырмалы талдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education - № 4-3 (69)
Abstract
Табиғатта популяциялардың өмір сүру қабілеттігінің тұрақтылығын қалыптастыру үшін жабайы немесе сирек кездесетін жануарлардың түрлерін сақтау мен қалпына келтірудің әлемдік тәжірибесінде оларды питомникте өсіру жиі қолданылады. Бұл мақалада ақбөкендердің туылуынан бастап және одан кейінгі питомникте ұсталуының өсу және даму динамикасы келтірілген. Атап айтқанда, осы сирек кездесетін жабайы жануардың өсу және даму динамикасының ерекшеліктері туралы мәліметтер зерттелді. Ақбөкендердің жас төлдерінің туғаннан бастап жыныстық-жас жағдайына дейін өсу қарқынына салыстырмалы талдау жүргізілді, сонымен бірге кейбір биометриялық көрсеткіштер ескерілді: салмақ, дененің ұзындығы және оның жеке бөліктері, кеуде айналымы және т.б. Аталған зерттеулер Жәнібек және Казталов аудандарының аумағындағы ақбөкендердің жаппай төлдеу кезеңінде іссапарлар барысында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің питомнигі жағдайында жүргізілді.
