БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ТОЛЫҚҚАНДЫ МАЛ АЗЫҒЫН ӨНДІРУ АМАЛДАРЫ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Соңғы жылдары Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығын әртараптандыру жүргізілуіне
байланысты тауар өндірушілер құрғақшылыққа төзімді судан шөбін өсіруді қолға ала бастады.
Шөбінің шүйгіндігі мен жоғары экологиялық бейімділігі, көпжылдық шөптер басылып қалатын
жазғы мезгілде жақсы масса қалыптастыруға икемділігі, бірнеше мерзімде егу мүмкіндігі менбарлық шөппен қоректенетін жануарлардың сүйсініп жейтін азығына айналуы оны жасыл
конвейердің алмастырылмайтын компоненттерімен бір қатарға қоюға мүмкіндік береді. Судан
шөбінің әмбебап қолданыстағы дақыл ретінде де маңызы зор, оны кепкен шөп, пішендеме, шөп
ұнын және сүрлем жасау үшін, көк массасын үстеме қоректендіру мен жайылымға да
пайдалануға болады. Судан шөбі шабылғаннан кейін немесе оңтайлы оталғаннан кейін тез
қайта өсіп, тәулігіне 5-10 см-ге дейін бой алады. Шүйгіндік қасиетіне байланысты судан шөбін
шабындық-жайылымдық режимде және танаптық жерлерде жасыл конвейер құрамында
пайдалануға болады. Судан шөбі ерте көктемде сәуір айының 3-ші онкүндігінде 1 себу
мерзімінде еккенде басқа нұсқалармен салыстырғанда биіктігі 89,46 см жоғары агрофитоценоз
құрады. Бұл себу нұсқасында 123,91 ц/га жасыл балауса, 29,64 ц/га құрғақ зат 25,64 ц/га мал
азықтық бірлігі, 2,19 ц/га қорытылатын протеин, 29,45 ГДж/га алмаспалы энергия алынды.
Экономикалық талдаулар нәтижесі бойынша судан шөбін 1 мерзімде ерте көктемде сәуірдің
3-ші онкүндігінде еккенде басқа нұсқалармен салыстырғанда жоғары тиімділік көрсеткіштері
алынды, яғни бұл нұсқада шартты таза пайда 20 116 теңге/га, табыстылық деңгейі 82,63%-ды
құрады. Бұл, жаз айларында мал шаруашылықтарында, мал бордақылау кешендерінде және сүт
фермаларында азық тапшылығын тұрақтандыруға ықпал көрсететін бірден-бір тиімді амал
болып табылады.
Description
Батыс Қазақстанда толыққанды мал азығын өндіру амалдары / Н. Ж. Жанаталапов, А. К. Беккалиев, А. К. Беккалиева, Б. Н. Насиев, М. Г. Хиясов, А. А. Хайруш, А. С. Салықова, Ж. Ж. Мейрамгалиев. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-2 (77). Б. ІІ. - Б. 87-97 (Орал).
