Голштеин тұқымдас сиырларды мх1, cxcr1 ген локустары бойынша генотиптеу нәтижелері және осы ген аллелдерінің сиырларда желінсауға төзімділікпен байланысы.
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2025. - № 1-1 (78).
Abstract
Мақалада авторлар голштеин тұқымдас сиырларда MX1 g.143182088, CXCR1 c.+291CT, CXCR1 +1093CT ген локустары бойынша желінсауға төзімділікке байланысты ДНҚ үлгілерінің генотипін анықтау нәтижелері берілген. Сиырларда субклиникалық желінсау пайда болуы мүмкіндігі төмен MX1 c.567 TC, CXCR1 c.+291CT, CXCR1 +1093CT ген локустарындағы генетикалық полиморфизмдер анықталған. Зерттеу тобындағы сиырларда келесі ген локустары бойынша генетикалық нұсқалардың таралуы: MX1 - TT -0,12, CT - 0,30, CC - 0,58, CXCR1 c.+291CT - TT - 0,12, CT – 0,33, CC – 0,55, CXCR1 +1093CT - TT – 0,47, CT – 0,51, CC – 0,02 болған. Екі ген локустары бойынша MX1 g.143182088 және CXCR1 +1093CT, гендік тепе-теңдіктің бұзылу фактісі анықталған және соның нәтижесінде χ2 мәні сәйкесінше, 10,6261 және 9,7137-ге дейін жоғарылауы байқалады. ПТР-РФҰП талдау әдісін қолдана отырып, «Амиран» ЖШС голштеин тұқымының 40 бас сиырларында түрлі нұсқалы кешенді генотиптері анықталды және бақылау жүргізген жыл ішінде сиырларға желінсауға балау жұмыстары жүргізілді. MX1, 567 TC, CXCR1 c.+291C T, CXCR1 +1093CT ген локустары кешенді CCCCCT генотипі бар сиырларда субклиникалық желінсаудың пайда болу мүмкіндігі жоғары болған, ол сиырларға тоқсан сайын балау жүргізілді. Сонымен, MX1 және CXCR1 ген локустар голштеин сиырлардағы субклиникалық желінсауға төзімділікке байланысты потенциалды ДНҚ маркерлері болып табылады.
Description
Голштеин тұқымдас сиырларды мх1, cxcr1 ген локустары бойынша генотиптеу нәтижелері және осы ген аллелдерінің сиырларда желінсауға төзімділікпен байланысы. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2025. - № 1-1 (78). Б. І. - Б. 3-15 (Орал). - ISSN 2305-9397.
