ИТ, МЫСЫҚ ЖӘНЕ ҚОЯН МИКРОСПОРИЯСЫ МЕН ТРИХОФИТИЯ ӨСІНДІЛЕРІНІҢ ИММУНОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Мақалада Алматы қаласы бойынша аудандардағы мал дәрігерлік клиникалардан
дерматомикоз індетімен ауырған ит, мысық, қояндардан зардапты сынамалар алынып,
зертханалық тексеру нәтижесі келтірілген. Залалды сынамаларды дәрі-дәрмектермен
зақымданбаған ауру ит, мысық қояндардың тұмсық аймағының айналасынан, сыртқы құлақ
ұясынан, жауырын жотасынан және құйрық ұшындағы ошақтардан алынды. Зардапты
жадығаттар яғни түктер, жүн, тері жабындылары пинцеттің көмегімен алынды, алынған
материалдар тығыны бар шыны түтікшелерге немесе қағаз қапшықтарға салып, жиналды.
Алдымен зертханада сынамалар микроскопиялау арқылы тексерілді.
Дерматомикозбен ауырған ит пен мысықтардың зақымданған түгін микроскоппен
қарағанда түктің ішіндегі және сыртындағы (эндотрикс, эктотрикс) тізбектеліп орналасқан
спораларды көруге болады және түктердің құрлымының бұзылып раушан гүлінің бұтағы
тәрізденіп бұтақтанғанымен бірге мицелийлер көрінеді. Microsporum canis түздік өсіндісін
бірнеше рет тазартып суслоагар қоректік ортасына сеуіп өсіргенде, олардың 4-6 тәуліктерде өсе
бастады, өсіріп алынған микроспория түздік өсінділерін зертханалық жануарлардың арнайы
дайындалған тілімделген жерлеріне үйкеп жұқтыру арқылы тексерілді. Түздік изоляттардың
иммунобиологиялық қасиеттерін залалдылығын, уыттылығын, иммуногендігігін зертханалық
жануарларда тексерілді.
Зерттеу нәтижесі бойынша Жетісу ауданында 201 бас ит, 53 бас мысық, Бостандық
ауданында 364 бас ит, 341 бас мысық, Алатау ауданында 341 бас ит, 430 бас мысық, Әуезов
ауданында 430 бас ит, 124 бас мысық, Алмалы ауданында 120 бас ит, 134 бас мысық, Медеу
ауданында 87 бас ит, 66 бас мысық, Түрксіб ауданында 364 бас ит, 87 бас мысық, 21 бас қоян
сонымен қатар Наурызбай ауданында 24 бас ит, 55 бас мысық, 14 бас қоян тексерілді.. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында жиналған залалды сынамалардан 24 түздік
изоляттар бөлініп алынды. Бөлініп алынған түздік изоляттардың иммунобиологиялық қасиеттері
(иммуногендігі, залалдылығы, уыттылығы,) анықталды.
Description
Арысбекова, А. Т.
Ит, мысық және қоян микроспориясы мен трихофития өсінділерінің иммунобиологиялық қасиеттерін анықтау / А. Т. Арысбекова, М. Үмітжанов, Р. С. Саттарова, Ф. А. Бакиева [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-1 (77). - Б. 137-147 (Орал).
