Жайық өзеніндегі балық қорына әуесқой балық аулаудың тигізетін әсерін зерттеу
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №1
Abstract
2018 жылы ЖШС «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Батыс Қазақстан филиалы Батыс Қазақстан облысы шекарасындағы Жайық өзеніндегі балық қорларына әуесқойлық балық аулаудың әсерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізді. Балықшылардың айтуынша балық аулауға орташа есеппен көбіне жаз мезгілінде 8 рет келетіні анықталды. Бұл жаз мезгілінде күн ысыған уақытта, өзен жағасына демалыс ұйымдастырған кезде балық аулайтындары белгілі. Балықшылардың жартысынан көбі жаз мезгілінде жанұясымен өзен жағасында демалады. Күзге қарай өзенге 5 рет шығатын болса, қысқа қарай 2 дейін келушілер қысқарады. Осылайша, өзенге балықшылар орташа есеппен 15 рет келеді.
