Асқабақ пюросы қосылған балмұздақтың қауіпсіздік көрсеткіштері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім. - 2021.
Abstract
Мақалада балмұздақ шикізатының табиғи түрі және оның жоғары тағамдық және биологиялық құндылығы, адам ағзасына әсері түсіндіріледі. Асқабақ пюресі қосылған балмұздақтың қауіпсіздік көрсеткіштері анықталатын болады. Құрамында табиғи шикізаттары бар өнімдермен тамақтану адам ағзасын қоршаған ортаның кері әсерінен қорғайтын фактор болып табылады. Сақтау процесі кезінде тағамдық құндылығы жоғары асқабақ пюресі қосылған балмұздақ өнімінің органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерінің өзгеруіне зерттеулер жүргізілді. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша балмұздақ стандарт талаптарына сай болуы керек. Тағамдық құндылығы жоғары балмұздақ жасау балмұздақты табиғи өсімдік толтырғышымен - асқабақ пюресімен байытуды қамтиды. Тағамдық құндылығы жоғары балмұздақтың микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері органолептикалық сынамалардың нәтижелерін растайды және балмұздақ өнімін жарамдылық мерзімі ішінде талап етілетін жағдайларда сақтау кезінде нормаланатын көрсеткіштердің мәндері талап етілетін стандарттар шегінде қалатынын куәландырады. Балмұздақтың сапасы қоспаның құрамдас бөліктерінің қатынасы мен санына байланысты. Асқабақ пюресі құрамының жоғарылауымен балмұздақ нәзік құрылым мен дәмнің толықтығына ие болады, консистенциясы жақсарады, калория мөлшері артады, алайда шайқалуы азаяды. Асқабақ пюресі түріндегі толтырғыштың құнды қасиеттері мен қол жетімділігін ескере отырып, оны қосу арқылы аралас өнімдер жасау мүмкіндігі зерттелді.
