ЖОО-да қашықтықтан оқытудың заманауи технологияларын меңгеру
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ясауи университетінің хабаршысы. - 2022. - № 1
Abstract
XXI ғасыр цифрлық даму кезеңіндегі басты міндеттердің бірі елімізді сапалы өмір сүрудің жаңа жағдайларына бейімдеуде оқыту формалары, әдістері, тәрбиелік құралдарды анықтайтын педагогикалық процестің ұйымдастырушылық-әдістемелік негізі қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда педагогикалық технологиялар тәсілі білім берудің оқыту мен білімді игерудің барлық үдерісін құру, қолдану, анықтаудың жүйелі әдісі болып табылады. Білім сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін шешу және цифрлық білім беру жүйесіндегі оқытудың арнайы формасы – заманауи технологияларды қолданып оқыту. Заманауи қолданылып жүрген педагогикалық технологияның негізіне жататындар – әрбір білім алушының ерекшеліктерін ескеру, қабілеттері мен шығармашылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда ең үлкен міндеттің бірі заманауи технологияларды меңгеру екені белгілі
