Май өндірісіндегі технологиялық үрдістерді жетілдірудің негізгі бағыттары
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім. - 2021.
Abstract
Мақалада май өндірісінің технологиялық үрдістерін дамыту болашағы, май өндірістерінің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы басым бағыттар қарастырылған. Технологиялық үрдістердің негізгі қатарына мыналар жатады: өсімдік майларын өндіру; тазарту; майларды гидрогенизациялау және қайта этерификациялау; кондитерлік, нан пісіру және кулинарлы майларды өндіру; глицерин, май қышқылдары мен жуу құралдарын өндіру. Сонымен қатар мақалада саланы инновациялық, технологиялық және техникалық дамыту, май өндірісіндегі технологиялық үрдістерді жетілдірудің негізгі бағыттары, майлардың стационарлық және биологиялық белсенді катализаторларын әзірлеу; майларды модифи-кациялау үшін реакторлар жасау, сыртқы су айналымынсыз қанықтыру әдісімен гидратталған майларды алудың технологиясын қарқынды игеру; шикізатты улардан босатуға мүмкіндік беретін тазартудың жаңа әдістері мен режимдерін әзірлеу және енгізу, гидрогенизация үрдісін автоматты бақылау және реттеу, дәстүрлі және дәстүрлі емес физикалық, жылу, күштік, каталитикалық (химиялық және биотехнологиялық) тәсілдерді пайдалану негізделген, техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсартылған майлы тұқымдар мен олардан жасалған өнімдерді қайта өңдеу технологияларын құру, экструзиялық үрдістер мен технологиялардың ғылыми негіздерін пайдалану, тағам өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында тамақтанудың заман талаптарына жауап беретін жаңа үнемді технологиялар мен биологиялық толыққанды өнімдер түрлерін құрудың теориялық қағидалары қарастырылған.
