Етте патогендік листерияны анықтау үшін жеделдетілген микробиологиялық әдістерді қолдану

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2021. - № 4 (65).

Abstract

Азық-түлік зооноздарының қоздырғыштарын анықтау мәселесі, соның ішінде L. monocytogenes-ті анықтау шикізат пен дайын өнімде, өндірістік бақылау тәжірибесінде бұрынғысынша өзекті болып отыр. Патогенді L.monocytogenes бен адамға патогенді емес L. innocua - екеуінің өсінді-морфологиялық қасиеттері өте ұқсас. Сол үшін, кондуктометриялық анықтау әдісі, иммуноферменттік талдау және еттен алынған листерия тектес микроорганизмдерді саралаудың фенотиптік әдісі сияқты жеделдетілген әдістердің тиімділігін салыстырмалы бағалау жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде салқындатылған шошқа етінің 62 үлгісі қолданылды. Cынaмaлaрды іріктeу жәнe оргaнолeптикaлық зeрттeулeр cтaндaрттaрғa cәйкec жүргізілді (МемСТ 32031-2012 «Тамақ өнімдері. Listeria monocytogenes бактерияларын анықтау әдістері»). Сонымен қатар, кондуктометриялық анықтаудың жеделдетілген әдісінде "БакТрак 4300" микробиологиялық анализаторы және иммуноферменттік әдіс кезінде Vidas Listeria monocytogenes II (LM02) тесті мен miniVIDAS анализаторы қолданылды.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By