Түйежоңышқаның бастапқы материалын жалпы комбинациялық қабілеттілікке зерттеуде дисперсиондық талдау нәтижелері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім №1
Abstract
Мақалада түйежонышқа дақылының селекция мақсатында жаңа күрделібуданды популяцияларды бастапқы материал ретінде ұсыну үшін ата-аналық формаларын жалпы комбинациялық қабілеттіліктерге зерттеу нәтижесінде дақылдың шаруашылық-құнды белгілері арасындағы корреляциялық байланысын орнатып, осы бағытта селекциялық жұмысты жүргізу негізделген. Дисперсиондық талдау жұмысы, яғни корреляциялық есептер Statistica13.5 бағдарламасы бойынша жүргізіліп, түйежонышқа көрсеткіштері арасында келесі нәтижелер алынды: жасыл салмағының өнімділігі мен шөп өнімділігі арасында байланыс өте тығыз (r=0,99), жасыл салмағының өнімділігі мен қысқа төзімділігі арасында байланыс күшті (r=0,8), шөп өнімділігі мен қысқа төзімділік арасында да орташадан жоғары корреляциялық байланыс орнатылған (r=0,7), өсімдік биіктігі мен қысқа төзімділік арасында тығыз байланыс бар екені анықталып отыр (r=0,86).
