Батыс Қазақстан облысында агроландшафттарды пайдалану ерекшеліктері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Мал шаруашылығының қазіргі жағдайы және дамуы: қазақтың ақбас тұқымының 70 жыл мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практ. конф. Орал-2020
Abstract
Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысы ландшафтарының қазіргі экологиялық жағдайы антропогендік фактор және онымен байланысты жағымсыз салдарлар зерттеледі. Қазақстан Республикасының жер ресурстары қолданыстағы заңнама бойынша ел халқының мҥддесі ҥшін пайдаланылатын және қорғалатын ҧлттық игілікке жатқызылған. Бҥгінде Қазақстан Республикасында табиғатты ҧтымды пайдалану тҧжырымдамасын жасау кезінде ландшафтық-экологиялық зерттеулер басымдыққа ие болуда. Олар Қазақстан Республикасының орнықты дамуға кӛшу тҧжырымдамасымен толық келіседі. Осы тҧжырымдаманың қағидаттарына негізделген ландшафтық- экологиялық зерттеулер шеңберінде республиканың әртҥрлі ӛңірлері ҥшін ауыл шаруашылығы факторының қысымының кҥшеюі жағдайында дамып келе жатқан табиғи-аумақтық кешендердің ӛзгеру дәрежесін зерделеу жӛніндегі жҧмыстар басталды, олардың ӛзін-ӛзі реттеу және қалпына келтіру мҥмкіндіктері айқындалды, экологиялық нормалауды жҥзеге асыру мақсатында табиғи-аумақтық кешендердің техникадан кейінгі дамуының бағыттары мен нысандары анықталды. Батыс Қазақстан облысы аумағының ауыл шаруашылығы ӛндірісінде соңғы жылдары ҥлкен ӛзгерістер болды. Олар нарықтық қатынастарға кӛшуге байланысты және ауыл шаруашылығының барлық аспектілерін (экономикалық, ҧйымдастырушылық, әлеуметтік) қамтиды. Аграрлық-ӛнеркәсіптік кешенді (АӚК) реформалау ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының дербестігін қамтамасыз етті, кӛп қҧрылымды аграрлық экономиканы қалыптастыруға мҥмкіндік берді.
