ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРДЕ ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕЛЕРДІҢ ТАРАЛУ ДИНАМИКАСЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Бұл мақалада Қазақстанның оңтүстік аймағында таралған үйірлі шегірткелерге жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Жамбыл облысында үйірлі шегірткелердің үш түрі де кездеседі. Яғни, итальяндық шегіртке, азиялық ұшпа шегіртке және мароккалық шегіртке. Ал, Түркістан облысында тек қана азиялық ұшпа шегіртке және мароккалық шегірткесі табылды. Жамбыл облысында мароккалық шегірткенің тығыздығы жоғарылап 1 м2 7-9 данаға дейін жетіп, қоныстану көлемінің ұлғайғаны тіркелді. Ал, Түркістан облысында бұл зиянкестің қоныстану тығыздығы 1 м² жерде 10 данадан жоғары болды. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік аймағында үйірлі шегірткелердің ішінде негізгі доминант мароккалық шегіртке екенін атап өтуге болады. Оның оңтүстік аймақта таралған барлық шегірткелер арасында үлесі 80% жоғары. Көпжылдық мәліметтерге талдау жасағанда зиянкестің қоныстану аумағы жыл сайын 100 мың гектардан асатынын бақылауға болады. Аса қауіпті зиянкеске қарсы мемлекеттік бюджет есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жылда жүргізіледі. Алайда, қорғау шаралары жүйелі жүргізіліп жатқанымен зиянкесті толық жою мүмкін болмай тұр. Керісінше, климаттың өзгеруіне байланысты зиянкестің тіршілік ету арелы жыл санап артып келеді.

Description

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы экожүйелерде үйірлі шегірткелердің таралу динамикасы / Р. Ж. Әбдукерім, Н. Амангелді, З. Амангелдіқызы, Г. Т. Абышева, Н. Т. Түменбаева. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-2 (75). Б. ІІ. - Б. 39-51 (Орал).

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By