Күнбағыстың егу мерзімдерін зерттеу
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы - 2020
Abstract
Батыс Қазақстан климаты жағдайларында күнбағыс өсіру жылумен жақсы қамтылатындығына және вегетация мерзімінің ұзақтығына байланысты аса тиімді болып саналады. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысындағы күнбағыстың егістік ауданы 40 мың гектардан асты, алайда майлы дәндердің түсімділігі әлі де болса төмен (7,5-10,5 т/га). Осыған байланысты, өнімділікті арттыру және егіс алқаптарын кеңейту үшін күнбағыс өсірудің бейімделген технологияларын жасақтаудың маңызы зор. Батыс Қазақстанның 1-ші құрғақ далалық аймағында күнбағыс өсірудің бейімделген технологиялары аз зерттелген. Сондықтан 2019 жылы осы аймақта күнбағыс егу мерзімін анықтау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының 1-ші құрғақ далалық аймағы жағдайында тұқым себу мерзіміне байланысты күнбағыстың өнімділігін бағалауға мүмкіндік беретін деректер алынды. 2019 жыл жағдайында 12,08 ц/га майдың ең жоғары шығымы күнбағыс 1 мерзімде егілген кезде алынды. Себу мерзімінің кешіктірілуі майлылық пен биологиялық түсімділікпен қатар майдың шығуын 2,96 ц/га немесе 24,50%-ға төмендетеді.
