АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ «НҰР» ШҚ ЖАҒДАЙЫНДА ІРІ ҚАРА МАЛДАРЫНЫҢ АҚЖ СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ, ЖАС ЖӘНЕ МАУСЫМДЫҚ ДИНАМИКАЛАРЫ МЕН ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Бұл мақалада табынның денсаулығы мен өнімділігін арттыруға, Абай облысы Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан «Нұр» шаруа қожалығындағы экономикалық шығындарды азайтуға және өңірдегі мал шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған 2022–2023 жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Мақалада Абай облысы Бесқарағай ауданының «Нұр» ШҚ ірі қара малының ас қорыту жолдарының стронгилятоздар қоздырушыларының түрлік құрамын, жануарлардың жасына және жыл маусымдарына байланысты стронгилятоздарға шалдығу қарқындылығын зерттеу нәтижелері берілген. Шаруашылық жағдайында ірі қара мал инвазиясының экстенсивтілігі мен интенсивтілігінің маусымдық динамикасының ерекшеліктері байқалады. Жануарлардың максималды инвазиялануы жазда және күзде байқалады, ал ең төменгі инвазиялануы қыста және көктемде байқалады, атап айтқанда, ас қорыту жолдарының стронгилаттарымен ірі қара малда ең жоғарғы инвазия экстенсивтілігі күзде 35,1 %, ал қыста ең төменгі ИЭ 17,6 % болды. 2022 жылдың әр маусымында ірі қара малдың инвазиялануының шыңы келесідей болды: көктемде, жайылымға мал жаю басталғанға дейін, минималды ИЭ 9,5 % дейін. Күзгі кезеңде, жайылым маусымының соңында ірі қара малдың ең жоғары ИЭ байқалып, ол көрсеткіш 25,6 % - ға жетті. 2023 жылы ИЭ ең төменгі көрсеткіш қыста тіркеліп, 17,6 % құрады, ал шыңы күз айларында 35,1 % құрады. Мақалада сонымен қатар ас қорыту жолдарының стронгилятоздарына қарсы қолданылатын тиімді препараттармен емдеу шараларының нәтижелері жарияланады.

Description

Қойгельдинова, А. С. Абай облысының «Нұр» ШҚ жағдайында ірі қара малдарының АҚЖ стронгилятоздарының түрлік құрамы, жас және маусымдық динамикалары мен емдеу шаралары / А. С. Қойгельдинова, А. А. Хасен, Л. М. Усенова, С. Д. Тусупов, Л. Н. Касымбекова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Б. І. - Б. 170-181.

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By