ОПОКА - МИНЕРАЛДЫҚ АЗЫҚТЫҚ ҚОСПАСЫН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕ БРОЙЛЕР ЕТІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Құстарды азықтандырудағы дамушы бағыттардың бірі – минералды азық қоспаларын
пайдалану болып табылады. Соңғы жылдары құс өнеркәсібінде бройлер тауықтарының
рационында кремний тұқымдас минералды азықтық қоспалаарын пайдалануға қызығушылық артып келеді. Кремний және басқа да минералдарға бай кремнийлі опока бройлердің денсаулығы
мен өнімділігін жақсартудың жаңашыл нұсқасы болып табылады.
Мақалада минералдық азықтық қоспа - кремнийлі опоканы қолдану кезінде бройлер
балапандарының етін ветеринариялық-санитариялық бағалау қарастырылған. Зерттеудің
мақсаты бройлер етінің микробиологиялық жағдайын, органолептикалық және физикахимиялық сипаттамаларын жақсартудағы опоканың тиімділігін бағалау, сондай-ақ еттің сақталу
мерзіміне опоканың әсерін зерттеу болып келеді.
Зерттеу жұмыстары минералдық азықтық қоспа кремнийлі опоканы қолдана отырып
жүргізілді. Зерттеу бройлер етінің микробиологиялық ластануын талдауды, органолептикалық
қасиеттерді (дәм, иіс, консистенция) бағалауды және бактериоскопиялық талдауды қамтиды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері минералды азықтық қоспа - опока бройлер етінің
микробиологиялық жағдайына айтарлықтай оң әсер етіп, патогендік микроорганизмдердің
деңгейін төмендететінін және тотығу процестерін бәсеңдететінін көрсетті. Опоканы пайдалану
еттің дәмі мен иісі сияқты органолептикалық қасиеттерін жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар
оның сақталу мерзімін арттырады.
Description
Нагимова, Г. Х. Опока - минералдық азықтық қоспасын қолдану кезінде бройлер етін ветеринариялық-санитариялық бағалау / Г. Х. Нагимова, Н. С. Монтаева, Г. Б. Мержакыпова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-1 (77). - Б. 155-163 (Орал).
