Иксод кенелері тудыратын мүйізді ірі қара малының theileria annulata ауруының Батыс Қазақстан облысы бойынша таралуы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Соңғы жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығы жағдайындағы өңделмеген жерлердің көлемінің артуына байланысты Ixodidae қансорғыштар (кенелер) санының көбеюі жиі байқалады. Бұл паразиттер бабезиоз, тейлериоз, нутталиоз және анаплазмоз сияқты трансмиссивті инфекциялық ауруларды таратуда маңызды рөл атқарады. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен саулығына айтарлықтай әсер етеді. Осы зерттеу жұмысы Батыс Қазақстан облысында мүйізді ірі қара малындағы қансорғыш паразитарлық аурулардың таралуын зерттеуге арналды. 100 бас мүйізді ірі қара малының қаны мен 93 кенелердің үлгісін талдау нәтижесінде T. annulata қоздырғышы 29% қан үлгілерінде анықталды. Сонымен қатар, аймақта иксодидті кенелердің едәуір түр құрамы бойынша әртүрлілігі тіркелді, олардың көпшілігі қауіпті аурулардың потенциалды тасымалдаушылары болып табылады. Кенелер арқылы таралатын ауруларды тиімді мониторингтеу және алдын алу үшін қазіргі заманғы молекулалық диагностика әдістерін, яғни, полимеразды тізбектік реакция (ПТР) арқылы негіздеуді ұсынуға болады. Мұндай технологияларды пайдалану қоздырғыштарды жедел анықтауға, жануарлар мен кенелердің инфекциямен залалдану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл эпизоотиялардың алдын алу және мал шаруашылығында экономикалық шығындарды азайту үшін өте маңызды.

Description

Иксод кенелері тудыратын мүйізді ірі қара малының theileria annulata ауруының Батыс Қазақстан облысы бойынша таралуы / Б. М. Сидихов, А. А. Мырзахмет, Б. О. Ертлеуова, С. А. Алимбеков, М. Б. Орынбаев. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2025. - № 1-1 (78). Б. І. - Б. 205-215 (Орал). - ISSN 2305-9397

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By