Ноқаттың өнімділігіне био-органикалық тыңайтқыштар мен био дәрумендердің әсерін зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 2-1 (67).

Abstract

Егіншілікті биологияландыру мәселесін шешудің ең перспективалы бағыты бұршақ және дәнді бұршақ дақылдарын өсіру технологиясында «биологиялық» азотты қолдану болып табылады, олар түйнек бактерияларымен қосыла отырып, ауа азотын қабылдап, оны биологиялық азотқа айналдырады. «Биологиялық» азотқа мұқият назар аудару қажеттігін түсіндіретін негізгі дәйектемелері оның адамдар мен қоршаған ортаға толық зиянсыздығы және азотты ұстап тұратын микроорганизмдерді белсендіруге энергияның салыстырмалы түрде аз жұмсалуы болып табылады. Батыс Қазақстан жағдайында ноқаттың өнімділігін арттыру мақсатында зерттеулерде био-тыңайтқыштар мен био-препараттарды қолдану арқылы өсіру технологиясы зерттелді. Зерттеулер көрсеткендей, Вiodux биопрепаратын, Оrgamica S биофунгицидін, Organit N, Organit P био-тыңайтқыштарының тұқымдарын дәрілеуге және вегетация кезеңінде өңдеу үшін қолдану ноқаттың өнімділігін 7,38 ц/га дейін немесе 21,6%-ға арттырды. Дәннің сапасына жүргізілген талдаулар Вiodux биопрепаратын, Оrgamica S биофунгицидін, Organit N, Organit P биотыңайтқыштарын тұқымдарды дәрілеу және вегетация кезеңінде өңдеу үшін қолдану нұсқасы (биологияландырылған технология) азықтық бірліктердің шығымы жөнінен бақылаудан (дәстүрлі технология) 20,53%-ға, ал сіңімді протеиннің шығымы жөнінен 22,33%-ға асқанын көрсетті.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By