Бидайдың сабақтық татқа төзімділік гендерін молекулалық идентификациялау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2021. - № 1-2 (62). - Б. 12-19.

Abstract

Бидайдың сабақтық тат ауруы (Puccinia graminis Pers. f. sp. tritici Erik. et Henn) әлемнің көптеген аумағында кең таралған. Аурудың эпифитотиясы кезінде өнімнің ысырап болуы 50¬70% қурайды. Бүл жумыста Sr-гендерді арнайы молекулалық маркерлердің көмегімен ПТР арқылы талдау нәтижесінде зерттелген Sr26, Sr31, Sr32, мен Sr38 гендерінің қазақстандық ген тасымалдаушылары анықталды. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанда көп егілетін жаздық және күздік бидай сорттары Жетісу, Алмалы, Егемен, Байтерек және Казахстанская 10 алынды. Сабақтық татқа төзімділіктің Sr26 генінің тасымалдаушыларын Sr26#43, Sr31 генінің SCSS30.2576, Sr32 генінің csSr32#1 және Sr38/Lr37/Yr17 ген кешенінің тасымалдаушыларын Xcmwg682 молекулалық маркерлер арқылы анықталды. Жетысу сортында 3 эффективті Sr-гендер (Sr31, Sr32 мен Sr38) анықталды. Егемен сортында Sr31 гені бар болып шықты. Сабақтық татқа төзімділік гені Sr26 ешқандай зерттелген сорттарда табылған жоқ. Ал Sr32 генінің көзі Aegilops speltoides, ол Жетісу сортында табылды. Sr38 генінің көзі Triticum ventricosum болып табылады, аталған ген Жетісу мен Байтерек сорттарында анықталды.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By