Батыс Қазақстан облысы көпбейінді ауруханасының тағамтану блогына ХАССП жоспарын құру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 2-3 (71). Б. ІІІ.
Abstract
Емдеу-профилактикалық мекемелерде ұйымдастырылатын емдік тамақтану науқастардың денсаулық жағдайын көтеру үшін орасан зор үлес қосады. Науқастарды кешенді емдеуде тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуымен қоса, оның қауіпсіздігі мен сапасына да көңіл бөлген жөн. Азық-түліктің дұрыс өңделмеуі, технологиялық процестің ретсіздігі, шикізатты сақтау мен тасымалдау шараларында кездесетін қателіктер есебінен дайын өнімнің сапасы нашарлайды, қауіпсіздік дәрежесі төмендейді және әртүрлі аурулардың ушығуына себепші болады. Бұл науқастардың наразылығын тудырып қана қоймай, емдік тамақтанудың даму жағдайына кері әсерін тигізеді. Аталған факторлардың алдын алу үшін тағамтану блоктарына ХАССП бағдарламасын енгізу маңызды.
