Мұнай құбырларындағы парафин шөгінділерінің пайда болу жолдарын анықтау
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Abstract
Бұл жұмыста жоғары парафинді мұнайды жинау жəне тасымалдау процестері мен
асфальтты-шайырлы-парафинді шөгінділері (АШПШ) əсерінен пайда болатын қиындықтар
жиынтығы қарастырылған Каспий маңы ойпатындағы кен орындарында асфальтты-шайырлы-парафинді шөгінділермен күресу қазіргі таңда өзекті мəселе болып табылады. Мұнай
кəсіпшілік жабдықтарында жəне тасымалдау құбырларының ішкі қабырғасында АШПШ
жинақталуы мұнай өндіруді төмендетеді, сонымен бірге ұңғымалардың жөндеу аралық
уақыты мен сорап қондырғыларының жұмыс тиімділігін азайтады. Осыған байланысты
тасымалдау құбырларында, шығу желілерінде жəне де кəсіпшілік сыйымдылық ыдыстарда
болатын АШПШ шөгуінің алдын алу жəне оларды жою жұмыстарын жүргізбей, мұнайды
өндіру мен жинау тиімділігіне қатысты мəселелерді тиімді шешу мүмкін емес. Осындай
шарттарда тереңдік сорап жабдықтарында, кəсіпшілік мұнай тасымалдау құбырлар жүйесінде
шөгінділердің алдын алуға бағытталған жаңа техникалық əдістерді ойлап табуды, оны тезірек
жүзеге асыруды жетілдіру қажет.
