ТАУЫС ҚҰС ТУБЕРКУЛЕЗІНІҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯСЫ
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
Abstract
Мақалада Алматы қаласына жақын орналасқан елді мекенде, қызығушылық мақсатымен аула жағдайында өсірілген тауыс құстар арасында созылмалы ауруға шалдығып, өлген 6-бас тауыс құстарды сойып-зерттеу нәтижелері берілген. Өлген тауыс құстар соңғы айларда қатты жүдеген, олар аз қозғалған және іші өткен. Зерттеу нысандары ретінде жеке меншік иелігіндегі 3 жастағы 6 тауыс құсының өлекселері патологиялық-анатомиялық тәсілімен сойып зерттелген. Тауыс құс өлекселерін сойып зерттегенде, бірінші кезекте көзге ілігерлік өзгерістер ас қорыту мүшелерінде байқалды. Барлық сойып-зерттелген тауыс құстардың тұрақты түрде бауыры, көкбауыры және ішектері зақымдалған. Олар ісікке ұқсаған, ішектің қабырғасына және шажырқайға жабысып орналасқан, әртүрлі көлемді және пішінді сарғыш түсті түйіндер түрінде кездесті. Гистологиялық зерттеулерге бауыр, өкпе, аш және тоқ ішектер, бүйрек, жүрек кесінділері алынып, 10% формалин ерітіндісінде бекітілді. Оларды парафин-целоидинде нығыздап, жартылай автоматтандырылған HEOTION ERM 3100 микротомы арқылы қалыңдығы 5-7 мкм болатын жұқа тілінділер алынды. Тілінділер заттық шыныға бекітіліп, гематоксилин-эозин бояуымен боялды. Гистологиялық препараттар сандық микроскоппен зерттелініп, суреттерге түсірілді. Зерттеу нәтижесінде құстар туберкулезіне тән макроскопиялық өзгерістер аш және соқыр ішекте, бауырда және көкбауырда туберкулдердің түзілуімен анықталды. Гистологиялық зерттеулер кезінде, барлық зақымдалған мүшелер түрлерінде түзілген туберкулдердің микроскопиялық құрылымы бірдей және туберкулезге тән болғаны анықталды.
Description
Тауыс құс туберкулезінің патоморфологиясы / А. З. Мауланов, Г. Б. Кузембекова, Д. Б. Калкаева, К. Е. Мурзабаев, С. С. Амиргалиева. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 1-1 (74). Б. І. - Б. 84-93 (Орал).
