In vitro жағдайында микротүйнектерді индукциялауға арналған қоректік ортаны оңтайландыру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 2-1 (67).
Abstract
In vitro әдісімен микротүйнектерді индукциялау картопты жедел көбейтудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Микротүйнектерді ашық танапта отырғызу материалы ретінде пайдалану тұқым картоп тұқым шаруашылығын жүргізу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Картоптың стандартты тұқымдық түйнектеріне қарағанда, сынауықтан алынған микротүйнектердің артықшылығы басымырақ. Біріншіден, микротүйнекті алу тәсілі оның қайтадан ауруға шалдығуын тежейді, демек олар патогеннен толықтай залалсызданады. Көлемі мен салмағының кішкентайлығына байланысты, олар сақтауға, тасымалдауға оте қолайлы болып келеді. Микротүйнектерді зертханалық жағдайда кез келген мерзімде жасанды қоректік ортада алуға болады.
