Ұсақ мүйізді қара малының стронгилятоздарының эпизоотологиясы, емдеу әдістері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2019. - № 2 (55). - Б. 202-205
Abstract
Мақалада Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Атамекен шаруа қожалығында қойлардың стронгилятоздарының эпизоотологиясы, емдеу әдістері мен нәтижелері баяндалады. Қойлардың гельминтоздарының ішінде, қазіргі уақытта, ең көп тарағаны-ас қорыту жүйесінің стронгилятоздары. Стронгиляттар қарындарда, ішектерде тоғышарлық етеді, геогельминттерге жатады. Олар қойдың денесіне трофикалық (қоректік), токсикалық (уыттық), механикалық (ішекті бітеу, жару), инокуляторлық (патогенді микробтардың құрттардың балаңқұрттарының денесімен сыртқы ортадан ішекке енуі) әсерлер етіп, тоғышарлық етеді.
