ҮЙ ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ ҚҰСТАР АСПЕРГИЛЛЕЗІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРІНУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Abstract

Мақалада табиғи жағдайда аспергиллезбен ауырған ересек 4-бүркіт және 8 - күрке тауық құстар өлекселерінің клиникалық көрінуі, патологиялық анатомиялық және гистологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Күрке тауықтарда негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер өкпеде және ауа қапшықтарында тіркелді. Ауру жіті өткенде күрке тауық балапандарының өкпесі диффузды–қызыл, кей жерлері сұрғылт түсті және гепатизацияланған ошақтар да араласып кездесті. Ауру созылмалы өткенде күрке тауықтар өкпесінде жекелеген және көптеген ақшыл-сарғыш түсті, әртүрлі көлемді түйіндер байқалды. Мүшелердің аспергиллездік зақымдалуы ошақты түрде әртүрлі көлемді, домалақ пішінді, консистенциясы нығыз шашылып орналасқан түйіндер және зеңнің жайылып төселіп түзілуімен сипатталды. Ал, бүркіттерде аспергиллез генерализацияланған түрде тіркелді. Бұл жағдайда, аспергиллездік гранулемалар кеңірдектің бифуркацияланған аймағындағы кілегейлі қабықтарында, өкпеде, қабырғалар бетіндегі плевраларда және ауа қапшықтарында, бауырда, ас қорыту мүшелерінің сірлі қабықтары астында орналасты. Күрке тауықтар мен бүркіттердің зақымдалған мүшелері мен ұлпаларында пайда болған гранулемалардың микроскопиялық құрылымы жағынан бір – біріне өте ұқсас болды. Барлық гранулемаларда сырты макрофагтармен, лимфоциттермен және плазмалық торшалармен қоршалған некроз ошағы пайда болғанын анықтадық. Барлық ескі гранулемалардың сырты ванГизон тәсілімен бояғанда қызыл түске боялған фиброзды дәнекер ұлпамен қоршалды. Барлық некроз ошақтарында аспергиллездің буындалған және бұтақталатын мицелийлері орналасты. Оларды Шифф-реактивымен бояғанда мицелий гифтеры қанық қызыл түске боялып анық көрінді. Аспергиллездік гранулемалардың сыртын қоршаған грануляциялық ұлпада көптеген майтамшылары бар көбіктенген торшалар кездесті.

Description

Үй және жабайы құстар аспергиллезінің клиникалық және морфологиялық көрінуінің ерекшеліктері / Д. Б. Калкаева, А. З. Мауланов, Г. Б. Кузембекова, К. Е. Мурзабаев, С. Е. Тулеметова. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 3-1 (72). І Бөлім. - Б. 96-108 (Орал). - ISSN 2305-9397.

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By