Аспалы, фронталды - соқалы қопсытқыш пайдаланудың технологиялық көрсеткіштері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім. = Наука и образование - 2021
Abstract
Мақалада аспалы, төрт қатарлы, фронталды қопсытқыш-соқаның принципиалды және констурктивті технологиялық сұлбалары ұсынылған және чизельді соқаның энерго-сыйымдылығының, тарту кедергісінің, өнімділігінің, қуатының және қамту енін анықтау үшін теңдеулер берілген. Теориялық зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, аспалы фронталды қопсытқыш-соқаның негізгі пайдалану көрсеткіштерінің есебі орындалған.Сонымен қатар, бұл жұмыста топырақты негізгі аудармай өңдеген уақыттағы, тарту кедергісінің, өнімділіктің, жұмсалған қуатының және берілген соқаның қажетті энергия-сыйымдылығының жер жырту агрегатының жылжу жылдамдығына байланыстары көрсетілген.Берілген байланыстардың талдауы жерді негізгі аудармай өңделуі аспалы фронталды қопсытқаш-соқаның жұмыс істеуі кезінде технологиялық процесстердің жұмыс сыйымдылығы мен қуаты сызықты емес түрде болады. Жер жырту агрегатының жұмыс істеуі кезінде К-701 тракторы мен қарастырылып отырған қопсытқыш-соқадан тұратын 1,6-дан 2,3 м/с жылжу жылдамдығымен жұмыс істегенде, жұмсалған қуаты 80-нен 130 кВт, ал энергосыйымдылығы осы жылдамдықтарда 28-ден 33 кВтсағ/га шегінде болады.
