Ауыл шаруашылық дақылдарын себуге арналған жетілдірілген екі дискілі сіңіргіш
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2019. - № 2 (55). - Б. 241-247
Abstract
Егін егу ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезіндегі ең маңызды операция болып табылады. Бұл кезеңде болашақ өнім алу үшін негізгі алғышарттар орындалады. Оның негізгі міндеті - тұқымдардың өсіп-өнуі мен өсімдіктердің одан әрі дамуын қамтамасыз ету. Мұндай жағдайларға қарық түбінің нығыздалуымен және тұқымдар үстіндегі топырақтың бос қабатын құрумен қол жеткізуге болады. Тұқымдарды топыраққа өңдеуді арнайы жұмыс органдарымен – конструкциялары әртүрлі дискілік, анкерлік, килевидтік сіңіргіштер орындайды. Бұл операцияларды орындауға арналған сіңіргіштердің әр түрлі топырақтарда жақсы өткізгіштікке, яғни жоғары пайдалану сенімділігіне ие болуы тиіс. Кейбіреулері көбірек, басқалары азырақ, топырақтың тілу әсерінің салдарынан қарық түбін жеткілікті түрде нығыздалмайды. Кейбір сепкіштерде топырақты себуден кейін қосымша катоктар түрінде жанастыруды қамтамасыз ететін арнайы техникалық құралдар қолданылады, бірақ бұл конструкцияны күрделендіреді және олардың өзіндік құнын арттырады. Ең жоғары өткізгіштікке екі дискілі сіңіргіштер ие. Алайда, олардың да бірқатар кемшіліктері бар. Тұқым төселетін қарық түбі сіңіргіштің өз салмағымен нығыздалмайды, ал өткір дискілермен қопсытылады және тұқым қажетті ылғал мөлшерімен қамтамасыз етілмейді, өйткені қарық түбінің топырағында топырақ капиллярлары болмайды, бұл тұқымдардың өсу мерзімінің созылуына, өсімдіктердің одан әрі даму жағдайларының нашарлауына, демек өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, топыраққа салынатын тұқымдар осындай сіңіргіштің көмегімен тереңдікке біркелкі таратылмайды, өйткені олардың көпшілігі қарық түбіне салынады, ал қалған бөлігі қарық қабырғаларына түседі және одан әрі танап бетіне немесе танап бетіне жақын шығарылады.
