110/10 кВ қосалқы станциясын жаңартудың тиімділігін арттыру

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education № 1-3 (70)

Abstract

Бұл аталмыш мақалада ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жаңа кешендердің енгізілуіне байланысты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің электр энергиясын тұтынуының артуы, осы қосалқы станцияның жабдықтары моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген және ауыстыруды қажет ететіндігі негіз болды, өйткені ол қазіргі уақытта енгізілген электр қауіпсіздігі мен сенімділігі бойынша талаптарды орындамайтындығы зерттеудің басты себебі болғандығы туралы айтылады. Сонымен қатар ескірген қосалқы станцияларды қаражат жағын ескере отырып ең тиімді нұсқаларды қарастырамыз. Яғни қосалқы станцияның ескірген, қолданысқа жарамсыз бөліктерін заманауи тиімді бөлшектерге ауыстыра отырып, электр қуатын үнемдеуге мақсат қойып ізденісті жалғастыру болып табылады. Қазіргі таңда еліміздегі көптеген қосалқы станцияларды жаңартуға тура келеді. Еліміздегі ескірген қосалқы станцияларды түбегейлі жаппай жаңарту экономикалық шығындар тудыруы мүмкін, бір-ақ көптеген өндірістер, кәсіпорындар электр қуатынсыз жұмыс жасауын елестету мүмкін емес екені айдан анық. Сол себепті қазіргі таңда электр қуатын тарату мен тасымалдау құрылғыларына және үнемдеуге үлкен ізденістер жүргізілуде. Сондай-ақ, қосалқы станцияны жаңарту туралы шешім жаңа қосалқы станцияны салу қиын болғандықтан қабылданды, өйткені ол қосалқы станциясын салу орнын, қоректену және шығу желілерін іздеуді, аудан орталығының барлық коммуникацияларымен келісу қажеттілігін қарастырады, бұл негізсіз шығындарға әкеледі.

Description

Citation

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By